Ақтауда халықаралық командалардың қатысуымен жедел медициналық жәрдем бригадаларының I Республикалық чемпионаты өтті

2025 жылғы 17–19 қыркүйек күндері Ақтау қаласында ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы мен Қазақстан Республикасының Жедел медициналық жәрдем қауымдастығы ұйымдастырған жедел медициналық жәрдем бригадаларының Республикалық чемпионаты өтті.

Ашылу салтанатында қатысушыларды ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Мұратов, ҰШМҮО басқарма төрағасы Ержан Әділбеков және ЖМЖҚ төрағасы Асхат Сапаров құттықтап, сөз сөйледі.

Чемпионатқа Қазақстанның 20 өңірінен келген бригадалар, сондай-ақ Ресей, Беларусь және Әзербайжан командалары қатысты. Үш күн бойы қатысушылар шынайы шақыртуларға барынша жақындатылған кезеңдерде кәсіби біліктілігін, командалық бірлігін және жедел шешім қабылдау қабілетін көрсетті.

Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар келесідей анықталды:

Қазақстандық командалар арасында:
1 — Жамбыл облысы
2 — Абай облысы
3 — Астана қаласы

Шетелдік қатысушылар арасында:
1 — Беларусь Республикасы
2 — Ресей Федерациясы
3 — Әзербайжан Республикасы

Арнайы номинациялар:
— «Үздік командалық жұмыс» — Павлодар облысы
— «Жеңіске деген жігері үшін» — Ұлытау облысы

Ұйымдастырушылар чемпионат тек қана жарыс емес, сонымен қатар отандық және шетелдік мамандар арасындағы тәжірибе алмасудың маңызды алаңы болғанын атап өтті. Мұндай іс-шаралар Қазақстандағы жедел медициналық жәрдем қызметінің сапасы мен тиімділігін арттыруға ықпал етеді.

Қазақстан Республикасының Жедел медициналық жәрдем қауымдастығы жеңімпаздарды құттықтап, барлық қатысушыларға кәсіби шеберліктері мен шұғыл медицинаны дамытуға қосқан үлестері үшін алғыс білдіреді.

Келесі Республикалық жедел медициналық жәрдем бригадаларының чемпионаты 2026 жылы Тараз қаласында өтеді, ал жеңімпаз команда Қазақстанның атынан Беларусь Республикасындағы халықаралық жарыстарға қатысады.


17–19 сентября 2025 года в городе Актау прошёл Республиканский чемпионат бригад скорой медицинской помощи, организованный Национальным координационным центром экстренной медицины и Ассоциацией скорой медицинской помощи Республики Казахстан при поддержке Министерства здравоохранения РК.

На церемонии открытия участников поприветствовали вице-министр здравоохранения РК Тимур Муратов, председатель правления НКЦЭМ Ержан Адильбеков и председатель Ассоциации СМП РК Асхат Сапаров.

В чемпионате приняли участие бригады из 20 регионов Казахстана, а также команды из России, Беларуси и Азербайджана. На протяжении трёх дней участники соревновались в конкурсных этапах, максимально приближённых к реальным вызовам скорой помощи, демонстрируя профессиональные навыки, командную слаженность и скорость принятия решений.

По итогам соревнований победителями стали:

Среди казахстанских команд:

1 — Жамбылская область
2 — Абайская область
3 — город Астана

Среди зарубежных участников:
1- Беларусь
2 — Россия
3 — Азербайджан

Специальные номинации:

— «Үздік командалық жұмыс» — Павлодарская область
— «Жеңіске деген жігері үшін» — Улытауская область

Организаторы подчеркнули, что чемпионат стал не только соревнованием, но и важной площадкой для обмена опытом между отечественными и зарубежными специалистами. Подобные мероприятия способствуют повышению качества и эффективности работы службы скорой медицинской помощи в Казахстане.

Ассоциация скорой медицинской помощи РК поздравляет победителей и благодарит всех участников за высокий профессионализм и вклад в развитие экстренной медицины!

Следующий Республиканский чемпионат бригад скорой медицинской помощи состоится в 2026 году в городе Тараз, и команда-победитель представит Казахстан на международных соревнованиях в Республике Беларусь.