Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы және "ҚР Жедел медициналық жәрдем Қауымдастығы" ЗТБ бірлесіп, облыстық Түркістан жедел медициналық жәрдем базасында облыстық және қалалық жедел медициналық жәрдем станцияларының бас дәрігерлері мен өңірдің Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасарының қатысуымен көшпелі кеңесін өткізді.
Кеңесте жедел медициналық жәрдем қызметінің (бұдан әрі - ЖМЖ)өзекті мәселелері талқыланды:
- ЖМЖ қызмет жұмысын реттейтін қолданыстағы НҚА-ға өзгерістер енгізу;
- ЖМЖ деңгейіне шақыртулардың жеделдігінің 4 санатын берудің орындылығы;
- ЖМЖ қызметінің инфрақұрылымының жай-күйі, оның ішінде санитарлық автокөліктің жоғары тозуы;
- Дәрігерлік кадрлардың тапшылығы.
Сондай-ақ, кеңес барысында Түркістан және Ұлытау облыстарының ЖМЖ станцияларының бас дәрігерлерінің баяндамалары тыңдалды.
Сонымен қатар, ЖМЖ қызметкерлерін шұғыл көмек көрсетудің халықаралық стандарттарына сай оқытудың ағымдағы көрсеткіштері туралы ҰШМҮО 103 үйлестіру бөлімі басшысының баяндамасы тыңдалды.