Республикада блок-модульдік конструкция технология бойынша салынған алғашқы жедел медициналық көмек қосалқы станциясы.


Первая в республике подстанция скорой медицинской помощи, возведенная по блочно-модульной технологии

Жедел жәрдем бригадасы үшін шұғыл көмек көрсету маңызды рөл атқарады. Ескелді ауданының тұрғындарына кезек күттірмейтін көмек көрсетуді жақсарту мақсатында республикада блок-модульдік конструкция технологиясы бойынша салынған алғашқы жедел медициналық көмек қосалқы станциясы ашылды.

Әлеуметтік маңызы бар нысан заманауи стандарттарға сәйкес келеді және қажетті жабдықтармен жабдықталған. Мұнда Ескелді ауданының 54 мыңға жуық тұрғынына қызмет көрсетіледі, қосалқы станция Қарабұлақ ауылында орналасқан, бұл ауыл тұрғындарына кезек күттірмейтін медициналық көмек көрсетудің қолжетімділігін арттырады

Қарабұлақ ауылындағы жедел медициналық жәрдем қосалқы станциясының жалпы ауданы шамамен 110 шаршы метрді құрайды. Нысанның құрылысына 2,5 ай жұмсалды. Мұнда 6 кабинет орналасқан, сондай-ақ аумақта жедел жәрдем көліктеріне арналған жабық тұрақ бар.

Жедел жәрдемнің «жүрегінде» бір аға фельдшер, аға жүргізуші және құрамында 4 фельдшер мен 4 жүргізуші бар төрт желілік бригада жұмыс істейтін болады.


Для бригады скорой помощи значимую роль играет своевременное оказание экстренной помощи. В целях улучшения оказания неотложной помощи жителям Ескельдинского района открылась первая в республике подстанция скорой медицинской помощи, возведенная по технологии блочно-модульной конструкции.

Социально значимый объект соответствует современным стандартам и оснащен необходимым оборудованием. Здесь будет обслуживаться порядка 54 тысяч жителей Ескельдинского района, а размещена подстанция в селе Карабулак, что повышает доступность оказания неотложной медицинской помощи сельскому населению , сообщила пресс-служба акима области Жетысу.

Общая площадь подстанции скорой медицинской помощи в селе Карабулак составляет примерно 110 квадратных метров. На строительство объекта затратили 2,5 месяца. Здесь размещены 6 кабинетов, также на территории есть крытая стоянка для автомобилей скорой помощи.

В «сердце» скорой помощи будут трудиться один старший фельдшер, старший водитель и четыре линейные бригады, в составе которых 4 фельдшера и 4 водителя.